Климаттың континенттігі ауданның
көп жерінде температураның тез ауытқуынан, ауаның құрғақ болып, жауын –
шашынның аз жауатындығынан байқалады. Аудан климатының мұндай болу себебі –
оның мұхиттар мен теңіздерден өте алыс қашықтықта орналасуына байланысты.
Сондай-ақ, климатқа аудан территориясының және көршілес жатқан аймақтардың жер
бедеріде әсер етеді.
|